Get Adobe Flash player
Баннер

Байланыс

Банктік реквизиттер:

ИИК KZ49319A010000459998 АФ АО «БТА Банк» БИК 190501306 РНН 600400537738

Заңды мекен-жай:

050057 Алматы қ-сы, Тимирязев к-сі, 71 үй, 7 пәтер

Пошталық мекен-жай:

050040, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 53В, «Ж» блогы, 48 кеңсе

Тел/факс: 8 (727) 315-15-11, 315-40-84

E-mail: ofbf@mail.ru

Қор кітапханасы

Сауалнама

Считаете ли Вы, что донорство безопасно?
 

Валюта бағамы

Ауа-райы

Іздеу

Қазір сайтта

Қазір 23 қонақтар онлайн

"Алтын Жүрек-2010" сыйлығы

Астана қаласында кезекті Ұлттық Қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығының салтанатты марапаттау кеші өтті. «Бауыржан» қайырымдылық қоры осымен төртінші рет риясыз түрде және шын жүректен мұқтаж адамдарға көмек көрсеткен адамдарды анықтады.

Лауреттарға дәстүрлі сыйлықтарды (алтын жүрек және шыны диплом) табыстап, қайырымды адамдарға алғыс білдіру үшін ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, ірі компания өкілдері, қоғам қайраткерлері мен эстарад жұлдыздары жиналды.

Сыйлық он аталым бойынша табысталады – мүгедектерге, жетім балаларға, ардагерлерге қолдау көрсеткені үшін, спорт, білім және мәдениет салаларын қолдағаны үшін, жеке сыйлықтар адамдарға бар мүмкіндігінше көмектесуге тырысатын меценаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарына табысталады.

Биылғы жылдың лауреаттары:

Амина Әжібаева – «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін»,
Нұртай Салихұлы Сабильянов – «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін»,
«Джей Ти Ай Казахстан» ЖШС – «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін»,
«Богатырь Көмір» ЖШС – «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін»,
Құсман Кәрімұлы Шалабаев – «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін»,
Абдукахар Хашимович Пайзахметов – «Жыл меценаты»,
«Время» газеті – «Ақпараттық қолдаушы»,
Болат Мұқышұлы Әбілов – «Жылдың қайырымды адамы»,
«КазМунайГаз» Барлау және өндіру» АҚ – «Жыл ұйымы»,
Сарқыт Шаяхметқызы Төлеушова – «Өнер және қайырымдылық».

 

Ең үздік әлеуметтік роликтарды анықтайтын "СОС" сайысы

2010-07

«Бауыржан» қайырымдылық қоры «Таң» телекомпаниясы және «Өрлеу» қорымен бірлесе отырып, Қазақстанда әлеуметтік жарнаманы дамытуға бағытталған «СОС» сайысын ұйымдастырды.

Сайыстың мақсаттары:

- Әлеуметтік жарнама мәдениетін дамыту;
- Әлеуметтік роликтардың алғашқы базасын жасақтау;
- Үкіметтік емес ұйымдарға оларды алаңдататын әлеуметтік мәселелерге назар аудартуға мүмкіндік беру.

Әлеуметтік ролик (Әлеуметтік жарнама) — қоғам мәселелеріне назар аудартып, оның іс-әрекеттері модельдерін өзгертуге бағытталған коммерциялық емес жарнаманың бір түрі.

Әлеуметтік роликтадың тақырыптары:

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру (есірткі, шылым шегуге қарсы, т.б.)
2. Ұлтжандылықты қалыптастыру
3. Экологиялық роликтар (қала туралы роликтар)
4. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау
5. Этносаралық теңдік
6. Жолдағы қауіпсіздік
7. Балалық шақты қорғау (Жетім балаларды асырап алу мәселелері, балалар еңбегімен күрес)

Іріктеу талаптары:

1. Әлеуметтік маңыздылығы;
2. Инновациялылығы;
3. Шығармашылық ізденіс;
4. Техникалық сапасы.

 

«Самғау» сыйлығы

«Самғау» - жарқын болашақ үшін

«Самғау» сыйлығының алғашқы дарындары.

2010-063 желтоқсан күні Абай ат. Мемлекеттік Опера және Балет театрында І жыл сайынғы қоғамдық «Самғау» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші өтті.

Жобаның ұйымдастырушылары «Бауыржан» қайырымдылық қоры «Мейірім» жеке қорының серіктестігімен және «КазРосГаз» компаниясының қолдауымен.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған салтанатты бағдарлама ұйымдастырушылар мен қонақтардың үмітін ақтады. Жеңімпаздарды сахнаға шақырып, еліміздің құрметті азаматтары – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Дайыр Төлеков, Алматы қ. әуесқой бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбеков, Қазақстанның Халық әртістері Нұрғали Нүсіпжанов пен Ескендір Хасанғалиев, еліміздің мүгедектер спортының бас тренеры Владимир Родоснов, қазақстандық скрипакашы Лана, әнші Әлішер Кәрімов, т.б. құрметті қонақтар марапаттап, құттықтады. Залда жиналған жүздеген көрермен алдында қазақстандық әншілер, шығармашылық жәіне би ұжымдары өнер көрсетті.

Сыйлық жеңімпаздарын жариялау ерекше толқу сәттерін тудырды. «Самғау-2011» сыйлығының жеңімпаздары:

Михайлюкова Зинаида Кузьминична - «Білім саласында жеткен жетістіктері үшін»;

Абжанова Анар Сабырбекқызы - «Мәдениет саласында жеткен жетістіктері үшін. Бейнелеу өнері»;

Қапанов Амангелді Шаукенұлы «Мәдениет саласында жеткен жетістіктері үшін. Хореография»;

Алпысова Айтжамал Белгібайқызы - «Мәдениет саласында жеткен жетістіктері үшін. Орындаушылық өнер»;

Рожков Максим Васильевич - «Спорт саласында жеткен жетістіктері үшін»;

Төлегенов Руслан Қаншамбекұлы «Белсенді қоғамдық қызметі үшін»;

Әубәкіров Байболат Абайұлы - «Әдебиет саласында жеткен жетістіктері үшін»;

«Сәт» вокалдық триосы - «Балалар шығармашылығы»

Барлық жеңімпаздар туралы жүргізушілер әң шығарып отырды. «Әр өмір – бұл тарих» - деді олар сахнадан. Сыйлық ұйымдастырушыларының мойындауынша рухы мықты адамдардың өмірі, жетістіктері мен ерліктері туралы қысқаша болсын айтып кетпеу мүмкін болмады. «Біз мүгедектермен бірнеше ай бойы жұмыс істедік. Ал бүгін, қорытынды шығару күнінде, өз қатысушыларымызды туыстарымыздай мақтан тұтамыз,» - дейді асығып-үсігіп жүрген Майра Түргенбаева, «Бауыржан» қайырымдылық қоры президентінің орынбасары.

Шынында да бұл сыйлықты көптеген адам тағатсыздана күтті, дайындалды. Ал қазір «Самғау» сыйлығы мүмкіндігі шектеулі адамдардың таңғаларлық жетістіктерінің бағалануына бастамашы атанып отыр.    
Ерекше энтузиазм сезімі сахнаға өз сыйлығын алуға қобалжып шыққан әрбір қатысушының бойында байқалды.

Әрбір жеңімпаз 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен қатар ең маңыздысы –жетістіктерін қоғамның бағалап, мойындауы, құрмет пен таңданыспен қолпаштауы, өз арман-тілектерін орындау мүмкіндігі.

- Қатысушылармен танысқаннан кейін «Мүмкіндігі шектеулі адамдар» деген анықтама мен үшін өз мағынасын жоғалтты. Енді мен оларды «Ерекше адамдар» деймін, өйткені шындығына келгенде олардың мүмкіндіктері шектеулі емес. Бізге қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс білдіргіміз келеді. Өкінішке орай мемлекет уәде еткен қаржыны бөлген жоқ. Бірақ біз үкіметтен барлық игіліктерді күтіп отырған жоқпыз, сондықтан өз жобаларымыздың орындалуына қаржыны өз күшімізбен табуға тырысамыз. Оған қоса, қатысушылардың көздеріндегі бақыт пен ерекше жарқынды біз барлық еңбегіміз үшін ең жақсы сыйлық деп білеміз, - дейді «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті  Жұлдыз Омарбекова.

 

«Арманға барар жол» әлеуметтік акциясы

Жетім балалар – олар ешкімдікі емес. Олардың қиындықтардан қорғайтын анасы жоқ. Оларға ешкім қолдау көрсетпейді, олар өздеріне де арқа сүйей алмайды. Сондықтан біз оларға көмектесуіміз қажет. Әрине, біз оларға отбасын алмастыра алмаймыз, бірақ олардың өміріне шуақ шашып, кеңістіктерді кеңейту қолдан келетіні анық. Бұл қарапайым жеткіншектер, оларға да сәндену мен көңіл көтеру тілегі тән.

Осы мақсатта «Бауыржан» қайырымдылық қоры стиль, визаж және шаштараз ісі бойынша мастер-кластар ұйымдастырады. Бұл арқылы балаларға мереке сыйлап қана қоймай, бір нәрсеге үйретуге болады, олар болашақта, кім біледі, визажист немесе шаштаразшы атанатын шығар. Тіпті бұл мамандықтарды таңдамаса да, аталмыш курс арқылы олар косметикалық өнімдерді дұрыс қолдануды, шаш күтуді, шаш үлгілерін өз бетінше жасауды, маникюр жасауды үйренеді. Ал сәнді де әдемді болу білу ешқашан да артық болмасы анық.

 

Мақсат:

  • Балаларды жаңа дағдыларға үйрету, кәсіп таңдауда көмек көрсету.
  • Киім дизайнеры, тігін өнеркәсібінің шебері және киімді модельдеу мамандықтары бойынша білім алуға 3 грант бөлу.

Міндеттер:

  • - Жетім балаларға арнап алғашқы мастер-кластарды ұйымдастыру және өткізу.
  • - Акцияны дәстүрлі ету.

Ұйымдастырушы:

  • «Бауыржан» қайырымдылық қоры
  • KFW

Механизмі

Акцияға сарапшылар таңдаған Алматының 3 балалар үйі қатысты. Әр балалар үйінде ниет білдіруші балаларды іріктеу шарасы өтті. Балалардың жалпы саны шамамен 160-ты құрады. Әр балалар үйіне әр мамандық бойынша 2 кәсіби шебер барып, аптасына 2 рет балаларды өз кәсіптерінің негіздеріне үйретті. Акция бір ай жалғасты.

Жобаның қорытындысы ретінде оқытылған балалардың қатысуымен шаштараз ісінің шоу бағдарламасы өтті.

Өткізілу мерзімі: 2010 жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығы.

 

«Қазақстандағы қайырымдылық» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2010-03

Ақпараттық хат

Қазақстанда алғаш рет «Қазақстандағы қайырымдылық» тақырыбына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оның басты мақсаты – еліміздегі қайырымдылық саласының даму мәселелерін ой елегінен өткізуге, әлеуметтік саясат және қайырымдылық салаларындағы отандық және халықаралық мамандар мен ғалымдардың, жетекші қайырымдылық қорларының тәжірибе алмасуына арналған пікір алаңын жасақтау.

Конференция 2010 жылдың 20 мамыр күні Алматы қ-сы, Абылай хан даңғ., 86, Құрманғазы ат. Қазақ Ұлттық консерваториясының ғимаратында өтеді.

Бастаманың авторы: «Бауыржан» Қайырымдылық қоры.

Ұйымдастыру комитеті: Бауыржан» Қайырымдылық қоры, «Аяла» қоры.

Конференция жұмысына әлеуметтік саясат және қайырымдылық салаларының отандық және шетелдік мамандары, танымал саясаткерлер, әлеуметтанушылар, жетекші қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік билік органдарының және БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция міндеттері:

1. Қазақстандағы қайырымдылық институтының епрекшеліктерін айқындап, оның даму жағдайларына баға беру;
2. Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекеттің өзара ықпалдастығы әдістері мен мәселелерін зерттеу;
3. Қазақстандағы қайырымдылықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін, мүмкіндіктері мен даму болашағын сараптау.

Конференция аясында тақырыптық секциялар ұйымдастырылады:

1. Қазақстандағы қайырымдылық әлеуметтік институт ретінде: тарихы және дамуы;
2. Мемлекет және қайырымдылық;
3. Қайырымдылық идеяларын дамытудағы БАҚ ролі;
4. Бизнес және қайырымдылық.

Жинаққа арналған мақалалар 2010 жылдың 20 сәуіріне дейін Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электрондық мекенжайына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Автор жарияланымға ұсынатын ғылыми мақала келесі талаптарға сай болуы керек:

1. Мазмұны бойынша -

а) мәселенің өзектілігі;
б) ғылыми маңыздылығы;
в) тәжірибелік маңыздылығы;
г) кең ақпараттық қамтамасыздығы (ғылыми аппарат, дереккөздер);
д) бұрын ешқайда жарияланбаған;
е) мақаланың резюмесі қазақ (орыс) және ағылшын тілдерінде.

2. Безендірілуі бойынша -
а) толыққанды аппарат (барлық дереккөздерге сілтемелер, сілтемелердің толық безендірілуі);
б) кілт сөздерді ерекшелеу тек курсив немесе қаралау шрифтпен жасалады;

3. Көлемі бойынша –
Мақаланың көлемі 8 беттен аспауы керек.

4. Тасымалдаушы бойынша – электрондық нұсқа кез-келген электрондық тасымалдаушы арқылы немесе электрондық пошта арқылы жіберілуі мүмкін.

5. Техникалық талаптар:
Баяндама мәтіні артық тасымалдарсыз, артық  бос орындарсыз RTF форматында, шрифт Times New Roman, 14 кегель, тармақтар аралығы (интервал) 1, ал азат жол 4-ден белгіден басталуы керек, теңестіру көлденеңінен: он жағында, сол жағында, жоғарыда және төменде – 20 мм.

6. Безендірілуі аталмыш талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жарияланымға жіберілмейді.

7. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу құқығына ие.

 

Алматыда «Жастар көзқарасы» атты І жастар форумы өтті

2010-04

Алматыда «Жастар көзқарасы» атты І жастар форумы өтті

Өткен сенбіде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Жастар көзқарасы» атты жастар форумы өтті. Шараның мақсаты – қазіргі жастардың өзекті мәселелерін талқылап, сараптауға арналған пікір-талас алаңын құру, жастардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру, оларды қоғам өмірінің өзекті мәселелерін шешу барысына тарту, Алматының жастар ұйымдары арасында байланыс орнату.

Форум аясында көшбасшылық лекциялар өтті, оларға «Astana Group» компаниялар тобының басшысы Нұрлан Смағұлов, «Atameken Holding» қаржы-өнеркәсіптік тобы директорлар Кеңесінің төрағасы Ұзақбай Айтжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақыт Сыздықова, «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев, сондай–ақ өзге де мемлекеттік құрылымдардың, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум аясында бес тақырыптық секция ұйымдастырылды. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру, спорт және денсаулық, жұмыспен қамту мәселелері, әлеуметтік мәселелер мен оларды шешу жолдары, жас ұрпақтың ұлтжандылық бағыттағы тәрбиесінің ерекшеліктері жөнінде сөз қозғалды. Шара барысында оқылған баяндамалар І жастар форумының мақалалар жинағында жарияланады.

Ұйымдастырушылар – «Бауыржан» қайырымдылық қоры, Алматы қ-сы жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ.

 

Үміт сыйла

2010-01  2010-02

«ҮМІТ СЫЙЛА»

Кітап — өмір жолының ең алыс және қараңғы
тұстарында адамға жарық сыйлайтын ертегі шам.
Упит А. М

22 қыркүйек 2010 жыл

«Бауыржан» қайырымдылық қоры Алматы қ-ның №18 тергеу изоляторында «Үміт сыйла» акциясын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – түрме кітапханаларының кітап қорын толықтыру.

Түрмеге қамалғандарға қайырымдылық көрсетудің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, абақтыда азық-түлік пен киім-кешекпен қатар рухани қолдау мен әдебиет те маңызды роль атқарады. Сондықтан аталмыш қайырымдылық жобасының басты мақсаттарының бірі қамалғандарға рухани қолдау көрсету болып табылады. Американдық ғалым Л.Е.Салливанның сөздерін еске алсақ, кітап оқу – адамды түзетудің еңбектен кейінгі ең бағалы әрі қуатты құралы. Адамды қайта тәрбиелеуге түрме кітапханасының күші жетеді.

Акция аясында «Бауыржан» қайырымдылық қоры отандық және шетелдік басылымдардың 700 данасын табыстады. Қор қызметкерлері мен журналисттерді Мұхтар Мұратұлы бастаған тергеу изоляторының әкімшілігі қарсы алды. Көрсеткен қонақжайлылығы үшін алғыс білдіреміз.

Біз аталмыш акцияға белсене қатысқан барлық адамдарға алғыс білдіреміз.

 
КазахскийРусский

Біздің серіктестер

new-gerb-almaty new-gerb-astana

air-astana
palladium chevron
kazenerdji-308x119
pony-express
south-oil kaz-temir-zholy
kazrosgaz
cinema-towers
azattyk-radiosi

hotel-alma-ata

 

beeline-ver

Біздің жобалар

logo-verification

bakkiti-02

 

logo-tvoi-vybor-new

konferenciya-2012-ru
smi
samgau-project-new
navstrechu-mechte
altynzhurek
forum-molodeji