«Шымбұлақтағы» Жаңа жылдың жалғасы

Чудеса в середине января
Облыстық балалар «Шымбұлақ» туберкулезге қарсы санаториінің балалары үшін 15 қаңтар күнінің таңы нағыз мерекеге айналды. Олар Жаңа жыл өтіп, мерекелер де бітті деген шешімге келіп еді, бірақ күтпеген жерден Аяз Ата мен Ақшақардың келуі олардың күмәндарын сейілтті.
Жаңа жылдық мерекені өзінің қайырымдылық акцияларымен бүкіл республикаға танымал Beeline сауда маркасымен «Кар-Тел» компаниясы және көптеген әлеуметтік жобаларымен әйгілі «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.
Дәстүрлі Аяз Атаны үш нәрсе анықтайды: сақал, сыйлықтар және қуанышында шегі жоқ балалар. Бұл күні Аяз Ата балаларға сыйлық ретінде күнделікті киюге арналған киімдер мен қары-сары рюкзактар табыстады. Санаторий қызметкерлері де сыйлықсыз қалмады: оларға ыдыстарды стерилизациялау мен дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған медициналық шкафтар табысталды.
Қайырымдылық шараларын өткізу және қолдау «Подшефные организации» атты әлеуметтік жобасы аясында өткізілуде және балаларға тек материалдық көмек қана емес, адам жанының жылулығы мен қамқорлығын сыйлауға негізделген.
Beeline-ның әрбір аймақтық кеңсесінде оның өз қарамағына алатын ұйымдары бар: балалар үйлері, мектеп-интернаттар, т.б. әлеуметтік мекемелер. Атап айтсақ, 2007 жылы Beeline қызметкерлері бүкіл Қазақстан бойынша 17 мекемедегі 2 300 балаға 40-қа жуық шара өткізді.
Мереке аяқталуға таяғанда балалар өздеріне сондай қуаныш сыйлаған қонақтарын жібергісі келмей, аяқ астынан тағы бір концерт қойып берді, қонақтарға деген алғысын білдірді.
Петр Каламыцин
























